24.02.2017 в 09:50

Өзбекстан халқы 32 миллионнан асты

Өзбекстанда ауыл халқынан қала халқының саны көп, деп хабарлады елдің Мемлекеттік статистика қызметі.

Бастапқы есеп бойынша, 2017 жылдың 1 қаңтарында Өзбекстандағы тұрақты халық саны 32,1 миллион адамнан сәл асты және өткен жылмен салыстырғанда 545,8 мың адамға немесе 1,7 пайызға көбейген, деп хабарлайды podrobno.uz.

Сонымен бірге, қала халқының саны 16,2 млн адамнан асса (жалпы халық санының 50,6 пайызы), ауыл халқы 15,9 млн адамды (49,4 пайыз) құрады. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Өзбекстанда 726,8 мың сәби дүниеге келген.

Қазақпарат.