Оның айтуынша, қазіргі таңда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Ведомство бағдарлама жобасын Үкіметке биылғы жылдың мамыр айында тапсыруды жоспарлайды.
«Екінші басымдық - бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту шеңберінде Президент мемлекеттік қызметтерді барынша оңтайландырып, толығымен электронды үлгіге ауыстырып, құжаттар тізімі мен мерзімін қысқартуды тапсырған болатын. Бұл жұмысты біз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аясында жүргізетін боламыз», - деді Д. Абаев.
Осы орайда 2017 жыл ішінде Министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді аталған корпорацияға барынша өткізетін болады. Биылғы жылдың соңына дейін корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін 85%-ға дейін ұлғайту жоспарланған. Халықты мемлекеттік қызметтермен толықтай қамтамасыз ету үшін бірінші тоқсанда мемлекеттік қызметтерді Қазпоштаның ауылдардағы бөлімшелері (олардың саны еліміз бойынша 2 мыңнан астам) арқылы көрсетудің пилоттық жобасын іске қосу жоспарда бар.
Жоба аясында арнайы ХҚКО саны ұлғайтылатын болады. Министр олардың бірінші кезекте бұрын соңды бұндай ХҚКО болмаған қалаларда ашылатынын айтып өтті.
Бұдан өзге, министр «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аяқталған соң, оның нысандарының бірін ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркін құруға пайдалану жоспарда бар екенін айтты. Оған әлемнің әр түкпірінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартылатын болады.
primeminister.kz