Өткен жылы банктердегі қарыз портфелі 43 млрд теңгеге азайып, 15,5 трлн теңгеге азайғанына қарамастан, банктердің табысы 401,8 млрд теңгені құраған. Бұл — соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Естеріңізде болса, 2012 жылы банк секторы құны 205,5 млрд теңгені құрайтын шығынға батқан болатын.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, 3,8 млрд теңге шығынға батқан ВТБ-ның қазақтандағы еншілес банкінен басқа барлық қаржы институттары табысқа кенелген.
Өткен жылғы банк секторындағы барлық табыстың 58 пайызы тиесілі Халық банк пен Қазком 2016 жылы ең көп кіріс келген банктер (Халық банк — 123,5 млрд теңге, Қазком 107,6 млрд теңге) деп танылды. Айта кетейік, Халық банк пен Қазком да 2016 жылы тапқан табыс көлемі бойынша өздерінің бұрынғы деңгейлерінен асып, рекорд көрсеткіштерге қол жеткізген.
7kun.kz