28.02.2017 в 15:39

Айсұлтан Назарбаев Сейілда Байшақов атқарған қызметке келді

Бүгін, 28 ақпанда Атқарушы комитеттің кадрлық мәселелер бойынша жиыны өткен. "2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық Қауымдастықтарымен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалды". - делінген федерацияның баспасөз хабарламасында. Осыған дейін бұл қызметте Сейілда Байшақов болған еді.

"Сайгез-ақпарат"