01.03.2017 в 09:55

Мемқызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметінен босатылды

Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы "Казахстанская правда" газеті хабарлады.  "Мемлекет басшысының Өкімімен Әбибуллаев Алмай Ибрагимұлы Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды", - делінген газеттің сайтында.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралған болатын. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша А.Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

"Сайгез-ақпарат"