“2005 жылдан бері шәкіртақы саны көбейіп, 3 мыңға жетті. 2005 жылдан бері шәкіртақы алып, елге оралмай қалғандардың саны – 155 адам. Олардың қарызы – 1,9 миллиард теңге. Шамамен 500 миллионы қайтарылды. Бұл адамдардың ақшаны қайтару бойынша мәселесі жоқ”, – деп түсіндірді сонда Мелдешов.
Қарызға батып жатқандардың дені - “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқып, елге қайтпай қалған стипендиаттар ғана емес, оқу үлгерімінің нашарлығына байланысты да жапа шегіп жатқандар бар. Бүгін мәселен, Астана сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада «2009 жылы Республикалық кадрларды шетелде даярлау комиссиясының шешіміне сәйкес, С.есімді азамат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, Ұлыбританияда «Құрылыс және архитектура» мамандығы бойынша білім алу туралы қаулы шықты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен студент арасында білім беруді ұйымдастыру туралы келісім жасалды. Келісімге сәйкес, жауапкердің академиялық үлгерімі «жақсыдан» төмен болмауы керек еді», - делінген.
Сотта белгілі болғандай, жауапкер үлгерімі туралы бөлімдегі талаптарды орындамай, келісімді бұзған. Ол «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айырылып, шетелде білім алуға жұмсаған шығындарды қайтаруға міндеттелді. Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен С. есімді азамат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның пайдасына 25 675 842 теңге ақша төлейді. Сот шешімі заңды күшіне енді.
"Сайгез-ақпарат"