Бүгін Парламент Қазақстан Конституциясына түзетулерді қабылдады. Біріккен комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Президент ұсынған заң жобасында Конституцияның 19 бабына 26 түзету қарастырылған.
Сондай-ақ, Конституцияға қабылданған түзетулер Астана атауын өзгертуді қарастырмайды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, Қазақстан Конституциясына қабылданған түзетулердің негізіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін көрсету енгізілмеген.
"Иә, Тұңғыш Президенттің еңбегі Конституцияда атап өтілген, ал елорда атауын өзгерту туралы мәселе жоқ. (...) Әуежай жайында айтар болсақ, оны конституцияға енгізетіндей соншалықты маңызды оқиға емес, егер осындай өзгеріс болса, ол бөлек қарастырылады", - деді Казанцев Парламент палаталарының бірікке отырысынан кейін.
Tengrinews.kz