08.09.2014 в 10:40

Назарбаевтың алдағы уақыттағы жұмыс кестесі

Ақорданың баспасөз-қызметі Мемлекет басшысының алдағы уақыттағы кездесулерінің аңдатпасын жария етті.

Бүгін Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесу өткізеді.

11-12 қыркүйекте Қазақстан Президентінің Душанбе қаласында Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысуы жоспарланған.