"Соңғы кездері Қырғызстан Республикасында баспасөздегі сөз бостандығы деп ұрандатып жүрген тәуелсіз журналистер, БАҚ-тар мен саясаткерлер өздеріне ұнамайтын адамдардың, бірінші кезекте тәуелсіз Қырғызстан президентінің атына кір келтіріп, адамдарға жала жабу құқығын беруді талап етіп жатыр. Мұндай әрекеттер соңғы жылдары жекелеген БАҚ-тарда, тіпті әлеуметтік желілерде былтыр жаздан бері күшейіп жатыр. Өтірік, өсек-аяң мен масқаралау. Журналистер мен БАҚ-тардың басты міндеті - адамдарға жалған ақпарат пен өсек-аяң жеткізу емес, шын әрі боямасыз ақпарат пен объектив деректерді жеткізу екенін еске салғым келеді", - деді Алмазбек Атамбаев мәлімдемесінде.
Атамбаевтың айтуынша, Қырғызстанға бейбітшілік, тұрақтылық, бірлік пен ынтымақтастық керек.
"Қырғызстан азаматтарына тәуелсіз журналистердің, БАҚ-тардың және саясаткерлердің негізгі мақсаты ақиқатты іздеу емес, керісінше, қазіргі мемлекет басшысына қатысты өсек-аяң таратып, қараша айында өтетін президент сайлауы алдында елдегі жағдайды тұрақсыздандыру. Еліміздегі тиісті органдарға сөз бостандығы дейтіндерге заңды орындау президентке қана емес, бәріне де міндет екенін еске салу керек", - делінген мәлімдемеде.
tengrinews.kz