Бұған дейін бірқатар БАҚ Мирзияев мемлекет басшысы ретіндегі шетелге алғашқы сапарын жылдың бірінші жартысында Астанадан бастайды деп хабарлаған. Бірақ Мирзияев 6-7 наурызда Түркіменстанға барған. Сапар қорытындысында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірлескен мәлімдеме қабылданған.
Үкімет сағатында сөйлеген Абдрахманов Өзбекстан басшысының сапары аймақ елдерінің "трансұлттық сипаттағы мәселелер алдында" бірлігі жақсы екенін кезекті рет айғақтайтынын айтты.
"Сайгез-ақпарат"