Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында "Жаңғырудың негізі - тұрақтылық, бірлік, келісім" күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген Жарлықта.