Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, алғашқы конституциялық заң жобасы саяси жүйені демократияландырып, биліктің атқарушы органдарының жауапкершілігі мен тиімділігін арттыру үшін даярланған.
Оның сөзінше, бұл заң жобасы аясында "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы", "Қазақстан Республикасының президенті туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы" заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.
Екінші заң жобасында президенттің экономика, бюджетті жоспарлау және кәсіпкерлік қызмет салаларындағы құқықтық өкілеттіліктерін қайта бөлу қарастырылған. Бұл заң жобасы бойынша төрт кодекс пен 22 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.
Азаттық