29.03.2017 в 18:38

Тоқсандағы кейуана Алматы облысы әкімін биімен тәнті етті (ВИДЕО)

Талдықорған қаласында ардагерлер ұйымының 30 жылдығына орай «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты өнер байқауының гала-концерті өтті. Аталған кештің әрін кіргізген 86 жастағы жасы үлкен кейуана болды. Үмітжан Ботбаева қазақ ұлттық биін нақышына келтіре орындап бергенде залда отырған көреремендердің қолпашында шек болмады. Би билегенҮмітжан апа Жамбыл ауданындағы ардагерлера нсамблінің бишісіе кені анықалды.

Гала-концерт осындай номерлерінің арқасында Алматы облысының ардагерлері үшін жас көрсеткіші тек сан ғана екенін дәлелдеп берді. Қарттарымыз өздерінің даналығы, тәжірбиелігімен ғана емес, өздерініңт аланттарымен де халықты таңдандыра алатындықтарын көрсетті. Облыстың түкпір-түкпірінен келген ардагерлер ән айтып, би билеп қана қоймай, сиқыр көрсетіп те халықтың қошеметіне бөленді. Хор, оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған композициялар да орындаушылардың қырларын аша түсті.

Алматы облысының әкімі өз сөзінде: "Құрметті достар, сіздердің орындауларыңыз көрермендердің бәрін тәнті етті. Сөзім жоқ! Жастарыңызға қарамай қуаттарыңыз тасып тұрғаны мені қатты қуантуда. Әрқайсыңыз талантты екенсіздер. Дегенмен, Үмітжан апамыздың орындаған биін мен ерекше атап өткім келеді. Жасы келіп қалса да, биді нақышына келтіріп орындап, өнерін ары қарай шыңдап жүргені қуантады. Сіздер өскелең ұрпаққа өнегесіздер. Сіздерге бас иемін! Бәріңізге денсаулық пен көңіл күйлеріңіз жақсы болуын тілеймін. Мұндай қарқынмен Сіздер республикалық, халықаралық шараларда да жетістікке жетесіздер деп ойлаймын. Ал біз өз тарапымыздан гастролдеріңізді ұйымдастыруға көмек береміз", - деді.

Сонымен қатар, байқауға қатысушылардың шығармашылығын, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов жоғары бағалады.

https://www.youtube.com/watch?v=o5SLf9PsHfw