10.09.2014 в 11:12

Жаңа үшжылдық бюджет

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын өндіріске алды.

«Аталған заң жобасы алдағы үш жылдың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлері және ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде әзірленген. Қаржы және бюджет комитеті құжатқа 22 қазанға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова.

Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын да қарайтын болады.