03.04.2017 в 09:22

Елбасы Бакуде

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Әзірбайжанға келді. Бұл туралы 2 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы ресми сапармен Әзірбайжан Республикасына келді", - делінген хабарламада. Назарбаевты Баку халықаралық әуежайында Әзірбайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов пен басқа да ресми тұлғалар күтіп алды. Қонақтың құрметіне құрметті қарауыл тұрды", - деп хабарлады АЗЕРТАДЖ агенттігі.

https://www.youtube.com/watch?v=9B1MQ5i0XXc

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың сәуірде Әзірбайжанға баратыны хабарланған болатын. Назарбаев Әзірбайжанға өткен жылдың 12 қазанында баруды жоспарлаған еді, алайда суықтап қалғанына байланысты сапарын кейінге қалдырған болатын.