Мәселен, кеше Отырар ауданында облыстық маңызы бар Шәуілдір-Ақдала тасжолының 3 шақырымындағы дамбаға ұзындығы 150 метр жерге 3000 дана қап топырақ салынған бөгеттер қойылды.
Дамбаны нығайту жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар мекемесі мен жергілікті атқарушы органның 50 қызметкері 4 техника жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, «Қазгидромет», «Қазсушар» РМК,
Айта кетейік, Арыс өзеніне судың тасталуы көбейіп, ағын судың қарқындылығынан Ордабасы ауданындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасындағы кіші көпірдің негізіндегі темір-бетон плиталары шайылып кеткен болатын. Осыған байланысты Арыс өзені су ағынының бір бөлігі қашыртқы каналға бұрылып, нәтижесінде судың деңгейі төмендеді. Халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолындағы 2226 шақырымындағы көпірді қалпына келтіру жұмыстарын жол мамандары жүргізуде. Бүгінде жол қозғалысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі айналма жол арқылы ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің мәліметінше, 3 сәуірде жауын-шашын болжамына сәйкес өңірдегі аласа таулы өзендерінде жаңбырдың суы жиналуы, беткейлік ағынның пайда болуы күтіледі.