Форумның мақсаты - жастар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресуге бүкіл қоғамды тарту.
Іс-шараға департамент қызметкерлері мен «Нұр-Отан» партиясы ОҚО филиалы өкілдері, «фристайлдан» Бүкіләлемдік универсиада жеңімпазы Алдабергенова Жанбота, басқарма қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен студенттер, ерікті жастар қатысты.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Г.Мұсабекова елдің болашағы жастардың қолында екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен қатар, Г.Мұсабекова мемлекеттік қызметке қызығушы жастарға департамент тарапынан memkyzmet.kz ақпараттық сайтының жұмыс жасайтындығын, онда мемлекеттік қызметке түсуге арналған заңнамалармен танысуға және сынақ тестінен өтуге болатындығын хабарлады.
Іс-шара барысында «Сыбайлыстыққа - жол жоқ» атты ерікті жастардың флешмобы, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы жастарының қойылымы көрсетілді.
Аталған қойылымда сыбайлас жемқорлықтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсері мен жемқорлықпен айналысқан адамның болашағының кері көрінісі көрсетілді.
Форумда айтылған ұсыныстар мен ой-пікірлерді жастар бірауыздан қолдап, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.
Іс-шара соңында жастар «Парасыз болашаққа.Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың көліктегі қоғамдық қабылдауында болып, «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында ақпараттық брошюралар, плакаттардың қала тұрғындарына таратылуына атсалысты.