АҚШ 7 сәуір күні таңертең осы аптаның басында Идлиб провинциясында бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық шабуыл жасалғанына жауап ретінде Сирияның Шайрат әуе базасын ондаған зымыранмен атқылаған. Вашингтон химиялық қару қолданылған шабуылды Сирия президенті Башар Асад күштері жасады деп санайды.
"Путин АҚШ-тың Сирияға соққы беруін егеменді мемлекетке халықаралық құқық нормаларын бұзып тұрып жасалған басқыншылық деп санайды" деген Песков. Ол соққы беру туралы шешім "ойдан шығарылған сылтаумен" қабылданды дейді.
Путиннің пікірінше, бұл соққы "әлемдік қауымдастықтың назарын Ирактағы бейбіт тұрғындар арасында көптеген адамның құрбан болып жатқанынан басқа жаққа аударып әкету үшін" жасалды.
"Вашингтонның бұл қадамы онсыз да нашар ресей-америка қарым-қатынасына кәдімгідей соққы болып тиеді және терроризммен күресте халықаралық коалиция құруда елеулі кедергі тудырады" деп мәлімдеді Песков.