Осы жиын барысында Талдықорған мен Шымкенттің, Өскеменнің, Қарағанды, Павлодар қалаларының арасын жалғайтын әуе қатынастарын ашудың мүмкіндіктері қарастырылып жатқаны хабарланды. Сонымен қатар инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» бағдарламасының басым бағыттарының бірі «Алматы - Шығыс» бағытын дамыту шаралары сөз болды. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының құрылысы, «Алматы - Өскемен», «Үшарал-Достық» бағытындағы автокөлік жолдарының қайта жаңғырту жұмыстары т.б. мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды.
Сондай-ақ, облыстағы жолдардың жағдайына талдау жасалды. Мәселен, облыстық маңызы бар жолдардың 37,3 % жақсы қалыпта, 40,3 %-інің жайы қанағаттанарлық деңгейде, 22,4 % – жөндеуді қажет ететіндігі анықталған. Бұған байланысты да шаралар қабылданатын болады.