"Жастар бір-бірін сүйіп, үйленіп жатады. Отбасылық өмірде бастапқыда барлығы жақсы, ал уақыт өте келе жанжал басталып, қол жұмсауға дейін барады. Жастардың көбі отбасылық өмірдің бақыты неде екенін білмейді. Сондықтан некеге тұру үшін арнайы курстан өту керек. Жастар ол курстан өтпейтін болса, оларға үйленуге де рұқсат бермеу керек. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде Сауд Арабиясы, Малайзия, Италия, Латвия елдерінде қолданылып келеді", - деді Асанов Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиянның кеңейтілген отырысы барысында.
Сондай-ақ, бас прокурор Қазақстандағы отбасындағы төбелескіштер үшін оларды психологиялық әдістермен түзеу қызметін жүзеге асыруды ұсынды.
"Агрессияға ұшыраған адамдар туралы айтатын болсақ, олармен ортақ тіл табысу қиын. Мұндай адамдарды емдеу қиын, себебі олар өздерін науқас деп санамайды. Бізге осындай адамдар үшін психологиялық әдістермен түзеу қызметін іске қосу керек. Қаражат жоқ деп айтамыз, бірақ жыл сайын айықтырғышқа 5 миллиард теңге жұмсаймыз. Мүмкін осының орнына Молдовадағыдай орталық салу керек", - деді бас прокурор.
Тенгриньюс.кз