Мерекелік шараның ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов алдағы жазда өткелі отырған мамандандырылған көрменің маңызына тоқталды. Жиналған көпшілікті облысымыздағы дайындық жұмыстарының барысымен таныстырды.
Шараға көрмеге іріктеліп алынған 85 еріктімен қатар ұлттық аспаптар оркестрі жалпы саны 150 азамат қатысып, жиналғандарға концерттік бағдарлама ұсынды.
Бүгінгі шараға жиналғандар сонымен қатар, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық
Облыстық филармонияның домбырашылары бұл флешмобты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 12 сәуір күні жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арнап отыр. Олар белгілі композиторларының күйлері мен халық ішіне кең таралған әуендерді, патриоттық әндерді орындап, тыңдаушыларды өз өнерлерімен думанға бөледі.
Бүгінгі таңда облыс көлемінде «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесі де жаман емес. Көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысатын 100 ерікті де дайындықтарын күн сайын пысықтап жатыр.
Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған шарада оңтүстікқазақстандық байкерлер жиналған жұртшылыққа өздеріне тән ережелер мен қағидаларды көрсетті.