Осындай ірі мал бордақылау алаңдарының бірі Манкент ауылдық округіндегі «Курвантай Ата» ЖШС-гі. 2014 жылы жұмысын бастаған шаруа қожалық жылына 300 тоннадан астам ет өндіреді. 2015 жылы мал бордақылау кешенінің құрылысын толық аяқтап, 1 мезетте 700 мал басын бордақылауға қол жеткізді.
Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған серіктестік өндірілген мал етін Шымкент, Алматы, Байқоңыр, Қызылорда қалаларына саудаға шығарады.
Одан бөлек, ауданда 10-15 бастық 400-ге жуық шағын мал бордақылау алаңдары жұмыс жасаса, сүт өндіру мақсатында 10-15 бастық 78 жанұялық сүт аулалары құрылды.