Түркіменстан президенті сапарының екінші күнінде Астанадағы Ұлттық музейде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың қазақ тіліне аударылған үш кітабының тұсаукесері өтті.
Бердімұхамедовтың үш кітабы қазақ тілінде "Ақалтеке тұлпары - мақтанышымыз бен абыройымыз", "Тұлпардың шапшаң шабысы" және "Жас тұлпарлардың самғауы" деп аталады.
Тұсаукесер рәсіміне Гурбангулы Бердімұхамедовтың өзі қатысты. Үш кітап Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен аударылған. Әр кітап мың данамен басылып шықты.