Акция барысында жігіттерге әскери мамандар тарапынан әскердің мән-маңызы, талап-міндеті егжей-тегжейлі түсіндіріліп, оған қосымша ақпараттық буклеттер ұсынылды. Бұл акцияның ерекшелігі сонда, ондағы осы іс-әрекеттер түгел жасырын камерамен түсіріліп тұрды. Демек, барлық іс-әрекет шынайы болды деген сөз.
- Көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны басталғаны баршамызға аян. Еліміздің ертеңі саналатын бозбалалар Отан қорғауға дайын ба, ынтасы қай деңгейде? Қуанышқа орай, пранк-акция кейіпкері болған 30-ға жуық жігіттің бәрі әскери борышын өтеуден еш қашпайтындықтарын, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, елдің амандығын, шекараның бүтіндігін қалайтындықтарын білдіріп жатты, - дейді пранк-акция жобасының авторы Ерасыл Толымбекұлы.
Жаңа форматтағы акцияға Қазақстанның белгілі пранкерлері, танымал «Jokeasses» блогерлер командасы шақырылып, Алматы облысының Қарулы күштері дапартаменті мамандары да қолдау көрсетті.