"Депутаттардың сана-сезімі бар, санасы жоқ депутаттар бізде жоқ. Бізге алға қарай жылжу керек, өз мүдделерімізді батылырақ қорғау керек, жалпы еліміздің мүддесін қорғау керек. Депутаттарды сынға алғанды жақсы көресіздер, ал енді мен сіздерге бір сұрақ қояйын: оларды кім сайлады сонда? Сайлаушылар сайлады ғой. Сіздер сенаторларды мәслихат арқылы сайлайсыздар - міне, сіздерге. Онда лайықты болатын адамдарды сайлаңыздар. Меніңше, халық лайықты депутаттарды сайлады", - деді Бірғаным Әйтімова.
Сенатордың айтуынша, ұлттық комиссияның басты мақсаты - тек жастардың патриотизмін емес, бүкіл халықтың патриотизмін дамыту.
"Меніңше, әрбір адамның өз Отаны үшін жауапты екенін сезіну, адамгершілік, адалдық, адами құндылықтарды сезгені маңызды. Осының барлығын қайтару керек", - деді депутат.
tengrinews.kz