Өңірдің «Жастар ресурстық орталығында» өткен жиында жергілікті билік пен жастар арасында табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мәселелерін көтерді.
Облыстың белсенді жастары орын алған жағдайға бей-жай қарай алмай, облыс тұрғындарына үндеу жариялады.
Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!
Ауа райы жылынуы мен еліміздегі бірқатар аумағында қардың жаппай еруіне байланысты Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарындағы елді мекендердегі үйлерді су басып, тұрғындарға қауіп төндірді.
Отандастарымыздың басына туған қиын жағдай облыстың кез-келген азаматын бей-жай
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Мұндай жағдай кез келген елде, кез келген өңірде орын алуы мүмкін. Қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созу – адамгершіліктің үлгісі. Яғни, көмекке мұқтаж бауырларымызға жәрдемдесу – азаматтық парызымыз.
Сол себепті мүмкіндігімізше отандастарымызды қиындыққа қалдырмау мақсатында барлық облыс тұрғындарын тасқыннан зардап шеккендерге материалдық және моральдық көмек беруге шақырамыз.
Осы мақсатта Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Бізбен бірге» қоғамдық қорының арнайы ашылған төмендегі есеп-шотына қайырымдылық қаржыларды аударуды сұрайды.
РЕКВИЗИТ:
«Бізбен бірге» қоғамдық қоры
Шымкент қаласы, Қайтпас 2 мөлтек ауданы №34-35
«Нур банк» АҚ Шымкент қ. филиалы
БИН 150540004179
ИИК KZ4284906KZ000966548
БИК NURSKZKX
КОД 18
Үйлестіруші: «Бізбен бірге» қоғамдық қорының төрағасы Андабаев Абай;Байланыс номері:8 7719630834, 87754040421.