Кеңес отырысына ҚР Сәлетшілер Одағының Төрағасы Ақмырза Рүстембеков пен елімізге танымал сәулетшілер мен қалалық әкімдіктің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті атқарушы органдардың,
Күн тәртібінде 10 сәулеттік жоба қаралды. Солардың ішінде Түркістан қаласын әлемдік
деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде даму тұжырымдамасын бекіту, Отырар ауданындағы «Арыстанбаб» кесенесінің және «Көне Отырар» қалашығының айналасын абаттандыру мен Шымкент қаласындағы «Шымкент СИТИ» тұрғын ауданының жанындағы этноқалашықтың эскиздік жобалары талқыланды.
«Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жеріміздегі тарихи кешендерді қалы
Аймақ басшысы бірінші кезекте туризмді дамытуға үлес қосатын Түркістан қаласы мен Отырар аудандарындағы жобаларды тездетіп қолға алуды тапсырды. Аталған халықаралық көрме аясында облысымызға туристер ағылады деп жоспарланып отыр. Ең басты мәселе – туристік бағыттағы аудан-қалалардағы көшелер мен инфрақұрылымдық, сервистік қызметтердің сапасын жақсарту.
Биыл Елбасы тапсырмасына сай «Шымкент СИТИ» жобасының құрылысы қарқын алу тиіс.
Сондай-ақ жиында Шымкент қаласындағы ескі қалашық аумағы мен «Қошқар ата» өзенінің бойын абаттандыру және облыс пен қалаға кіреберіс қақпаларының, «Цитадель», «Қарауылтөбе» жобалары таныстырылды. Бұл жөнінде облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов пен «Сәулеттік бюро» КММ-нің директоры Бақытжан Әшірбаев кеңінен әңгімелеп берді.
Ал, қаладағы Асар мөлтек ауданындағы тұрғын үй кешендері туралы «Корпарация АҚ ордасы» ЖШС директоры С.Қалыбеков баяндады.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы қала құрылысы кеңесі бірыңғай сәулеттік және қала құрылысы саясатын іске асыру, қолға алынған жобалардың сапасын арттыру үшін құрылған.