Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен ақпараттық туры барысында БАҚ өкілдері Атамекен ауылдық округінің диқандары еккен көктемгі қырыққабат дақылын жинау маусымының куәсі болды. Ауданда биыл ерте егілген көкөніс дақылдарының жалпы көлемі 996 гектарды құраса, оның 780 гектарында қырыққабат жайқалып тұр.
Негізінен диқандар салмағы 1-1,5 келіден аспайтын нидерландық пандион сұрпын егіпті. Бұл
«Биыл қырыққабат дақылын ақпанның 8-ші жұлдызынан бастап еге бастадық. Екіқабатты кленкамен көмкеріліп егілетін дақыл 2 айдың көлемінде пісіп, жетіледі. Ең бастысы - күтіп, қарауға мән берілуі керек. Жеріміз тың болғандықтан бүгіннің өзінде әр гектардан 25-30 тоннаға дейін өнім алып отырмыз», - дейді «Серпін» шаруа қожалығының төрағасы Сырым Батманов.
Айта кетейік, мақтаралдық шаруалар егістік егуді әлі де жалғастырып жатыр. Әлі алда 13 884 гектарға бұршақты дақылдар, 80 мыңнан астам гектарға техникалық дақылдар, 34 мың гектарға көкөнiс пен бақша дақылдарын егудi жоспарлап отыр.