Ал, 2017 жылдың қорытындысымен өңірдегі 57 елді мекен немесе 99,5 мың адам табиғи газбен қамтылып, облыстағы газдандырылған ауыл, аймақтар саны 357-ге (42,3 %), яғни, 1 854 807 тұрғынға (65,3 %) жететін болады.
Мұнан бөлек, осы жылы «Газли-Шымкент» магистралды газ құбыры бойынан Қазығұрт ауданына «Шанақ» автоматтандырылған газ тарату станциясы (әрі қарай АГТС) және Шардара ауданына №18 «Шардара» АГТС құрылыстары жүргізілуде. Нысандарды 2018 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өз кезегінде аталған аудандарды толығымен газдандыруға жол ашады.
Айта кетейік, облыс табиғи газбен Өзбекстан Республикасынан келетін «Газли-Шымкент» және отандық «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбырларынан қамтамасыз етіледі. Табиғи газға жылдық қажеттілік орташа 1 млрд.м3 құрайды.
Соңғы 8 жылда табиғи газбен қамтылмаған 203 елді мекен қосымша газдандырылып, жалпы облыстағы 844 елді мекеннің 300 (35,5 % ) елді мекені немесе 1 755 307 тұрғыны (61,8 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен облыстың елді мекендерін 2017-2020 ж.ж. аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес, 2021 жылға қосымша 383 елді мекендерді (960 195 халық) газдандыру жоспарланған. Нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысымен газдандырылған елді мекендер санын 683 елді мекенге (80,9 % е.м.) немесе 2 715 501 (95,6 %) халыққа жеткізу көзделіп отыр. Жалпы осы бағытқа 2016 жылы республикалық және облыстық бюжеттен 13,7 млрд.тенге (РБ-420,0 млн.тң, ОБ-13,3 млрд.тң) бөлініп, 25 елдімекен газдандырылған.