Қазақстан Президенті ондағы ақпараттық стендтер мен экспозициялық макеттерді көріп, алдағы жоспарларына қанықты.
- Өз өндірісін дамытып, мпорттық тауарлар орнын алмастыру - экономикалық даму кезеңінде тұрған Қазақстан үшін маңызды міндеттердің бірі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кәсіпорын еңбеккерлерімен әңгіме барысында Президент оларға жемісті жұмыс пен кәсіби жетістіктер тіледі.
«GoldAluminum» ЖШС-і 2016 жылы 750 тонна алюмин профильдерін шығарса, оның 20 пайызы Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанға экспортталған. Бүгінде аталған компания Қазақ-Түрік индустриалды аймағында ПВХ профильдерін, алюминий мен ПВХ-дан мөлдір шыны құрылымдарын (светопрозрачная конструкция) шығарып, сондай-ақ, газ плиталарын жинау қызметімен айналысатын екінші зауыттың құрылысын жүргізуде. Жоба құны 2,6 млрд. теңгені құрайды. Болашақта зауытта 50 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстан нарығындағы алюминий профильдерінің көлемі 50 мың тоннаны құраса, оның 25 мың тоннасы Қытай мен Ресейден, Өзбекстан мен Түркиядан импортталады.
Елімізде 2010 жылдан бері жүзеге аса бастаған индустриаландыру картасының
Бүгінге дейін іске қосылған 159 жоба іске асырылғалы бері аймақта 100,9 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 пайызды құрайды.