Б. Сағынтаевқа «Талдықорған», «Береке» индустриалды аймақтарының ағымдағы қызметі, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жұмысы туралы мәлімет берілді, сондай-ақ Панфилов ауданындағы жаңа Нұркент қаласының құрылыс барысы және Gate Sity серіктес қаласын дамыту туралы баяндалды.
Қазіргі кезде индустриалды аймақ аумағында барлығы 11 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, оның ішінде металл бұйымдарын, жылытатын базальтті плиталарды, асфальт, бетон мен басқаларын өндіретін зауыттар мен цехтер бар. Сонымен қатар алдағы уақытта тағы 9 кәсіпорын осы жерге өз өндірістерін орналастыруды жоспарлауда.
Жаңа өндірістерді білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін өңірде тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп тұрады. ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев «Жастар» атты жаңа саябақтағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барды, мұнда 100-ге жуық кәсіпорын 1500-ден астам жұмыс орнын ұсынды.
Бақытжан Сағынтаевқа мұндай жәрмеңкелердің жиі өткізілуі есебінен, биылғы жылдың басынан бері 6 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру мүмкін болғаны баяндалды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 2300-ге жуық адам, маусымдық жұмыспен – 1300 адам қамтамасыз етілді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін қоғамдық жұмыстармен 2700 адам қамтылды.