Шиелі ауданында орналасқан су тоспасының аумағы
Жауапты мекеме басшыларымен бірге олар Шиелі ауданындағы үрлемелі тоспаны, Сырдария ауданындағы жаңа көпірді көріп, Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округінің аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев су тасқынының алдын алуда ақсақалдар мен ардагер мұраптармен ақылдасу сәтінен.
Тұрғындар ауызбіршілік танытып, жағалау аумағына нығайту жұмыстарын жүргізуде.
Асарға келген ауыл тұрғындарын дарияның қауіпті аймақтарына қайықпен өткізуде.
Су тоспасы орналасқан аумақты күзететін мамандардың үйі.
Бөріктілер бөгет бекітіп жатқанда, аспаздар астың дәмін келтіруде.
Шиелінің күрішінен әзірленген палау.
Дала отына піскен дәм дайын.
Түскі асқа жиналған асаршылар.
Ақпарат үшін:
Биылғы жылы қаңтар мен сәуір айларын қоса есептегенде Шардара су қоймасына 13 млрд. текше метр су келді. Дәл осындай үлкен мөлшердегі су Сырдария өзенінде соңғы рет 1969 жылы болған. 2-16 мамыр аралығында жауын-шашын мол болады деп болжануда.
Өзен арналарының барлық қауіпті тұстарына жауапты тұлғалар қойылып, кезекшілік орнатылды. Онымен қоса тұрғындардың өздері де ауызбіршілік танытып, жағалау аумағына нығайту жұмыстарын жүргізуде.
Фото авторы: Бағдат Есжанов