15.09.2014 в 17:02

Экспорт өсетін көрінеді

2015 жылы ел экспорты 80 млрд долларға жуықтайды. Бұл туралы бүгін Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендіріген трансферт туралы заң жобасын таныстыра келе, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz .

«Экспорт 2015 жылы 79,2 млрд. доллардан 2019 жылы 93,5 млрд. долларға дейін, импорт 2015 жылы 50,1 млрд. доллардан 2019 жылы 57,8 млрд. долларға дейін ұлғаяды", - дейді министр.