Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, Мун Чжэ Ин 41,1 пайыз, консерваторлар кандидаты Хон Джунпхе 24 пайыз, центрист Ан Чхольсу 21,4 пайыз дауыс жинаған. Мун президент қызметінде Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасы мен зымыран сынақтарынан бас тартуға көндіру жолдарын қарастырып, АҚШ-пен арада туындап келе жатқан сауда жанжалын реттеуі тиіс.
Мун Пхеньянмен диалог орнатуды қалайды. Оның Солтүстік Кореяға қатысты ұстанымы АҚШ-тың Пхеньянды ядролық амбициясынан санкция және халықаралық оқшаулау арқылы бас тартқызуды көздейтін әрекетінен өзгеше.