ЖІӨ оң динамикасы тау-кен және өңдеу, құрылысы салаларының және қызмет көрсету саласының нақты өсімімен себептеледі. Тау-кен өнеркәсібі салаларында көмір мен қоңыр тас көмір, мұнай, табиғи газ алу көрсеткіштерінде оң динамика байқалды. Негізгі өңдеу сегменттерінде де, атап айтқанда, мұнай өңдеуде, фармацевтикада, металл емес минерал өнімдерде, металлургиялық өнімдерде және машина жасауда жандану байқалады.
Агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі өзгерістерге ұшыраған жоқ және 2,9% оң көрсеткішінде сақталып қалды. Құрылыста да 6,1% артып, оң динамика сақталуда. Павлодар, Жамбыл облыстарында және Астанада жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша есепті кезеңде көрсетілетін қызметтер өндірісі 1,9% өсті. Секторлар бойынша сауда-саттықта және ақпарат пен байланыста өсім байқалады, көлік және қоймалау қызметі саласының даму көрсеткіштері 3,5% артты, ал жүк айналымы 5,9%, жолаушылар айналымы 3,2% өсті.