"ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚР Сыртқы істер министрлігі және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бірге «SCAT» әуекомпаниясын Сауд Арабиясы корольдігінің Азаматтық авиация Бас агенттігіне тіркеу бойынша жұмыстар жүргізіп, Қазақстаннан Рияд, Жидда, Медине және Даммам қалаларына, оның ішінде 2017 жылғы қажылық кезінде тұрақты әуе рейстерін орындауға рұқсат алды.
Қазір отандық «SCAT» әуекомпаниясы нақты бағыттарды және аталған рейстердің ұшып шығу, ұшып келу күндері мен уақытын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Ендi Қазақстан азаматтары үшін Сауд Арабиясына қолайлы авиа ұшуларды таңдауға мүмкіндік артады" дейді министр.