17.05.2017 в 10:56

ЭКСПО көрмесінің ең қызған шағында 11 мың автотұрақ қажет болады

ЭКСПО көрмесін өткізу кезіндегі тұрақ кеңістігі участоктары анықталды. Елордалық ішкі саясат басқармасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезіндегі қаладағы тұрақ орындары туралы ақпаратты мәлім етті.

«Астана LRT» ЖШС көлік түрлерін ескере отырып тұрақ кеңістігі қажеттілігін есептеді. Есептеулер «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ ұсынған ресми мәліметтердің негізінде жүргізілді.

Жүргізілген талдауға сәйкес, көрмеге ең көп кісі келген күні мұнда 128 700 адам бас сұғады, демалыс күні – 78 800, жұмыс күні – 39 400 адам ат басын бұрады. Бүкіл көрме уақытында (93 күн) 7 күн, 24 демалыс күні және 62 – жұмыс күні кісі көп келеді.

«ЭКСПО тіркеу құжаттамасына сәйкес көлік түрлері мен қозғалыс құралы бойынша бөлу жүргізілген, ол бойынша келушілердің шамамен 50%-і қоғамдық көлікті пайдаланады, олардың 36,3% қалалық автобустармен, 6,3% экспресс-автобустармен, 14,1% халықаралық автобустармен, 2%таксимен, 33,3 % жеке көлікпен келеді. Бұл есептеулер адам ең көп келетін күндер бойынша жасалған», — делінген хабарламада.

«Астана LRT» өкілдерінің болжамынша, ең қауырт күні көрмеге жеке көлігімен 41 300 адам келеді, оның 27 500-і бір мезетте келеді. Қауырт күнгі қажетті тұрақ орнының саны — 11 071.

Ал көрме аумағында жеке көлікке арналған 6 мың тұрақ орны қарастырылған (СОО ескергенде).

«Нәтижесінде қауырт күндері тұрақ орны тапшылығы – 5 071 болады», — деп атап өтті «Астана LRT» өкілдері.

ЭКСПО аумағында қалааралықавтобустарға 147 тұрақ орны (ары қарай – т/о), 200 т/обар VIP-тұрақ (конгресс-кешен астында), 180 т/оесептелген таксиге арналған тұрақтар, өрт сөндіру, жедел жәрдем, құқық қорғау органдары қызметеріне арналған 390 т/о, БАҚ автокөлігіне арналған 130 т/о қарастырылған.

Тұрақ кеңістігі қажеттілігін қамтамасыз ету аясында (қауырт күні 5 мыңт/о жетістпейтін болады) шаттл бастарды ұйымдастыру арқылы іліп әкету тұрақтарын қолдану қарастырылуда.

«Астана LRT» сонымен қатар келушілер қатары көбейетін жағдайға арналған сценарийге сәйкес қала аумағында қосымша тұрақ орындарын ұйымдастыру мәселесін де ойластырды. Қауырт күндері оқушылар Сарайының, бейбітшілік пен келісім Сарайының, қалалық саябақтың, елорда циркінің,  «Думан» СО, «Music Hall» мейрамханасының, «Хан Шатыр» СО тұрақтарын да пайдалану ұсынылуда. Барлығы 3 350 тұрақ орны болады», — деп атап өтті компания қызметкерлері.

«Жүргізілген талдау ұсынылған шешімдер қауырт күндері де, қосымша жүктеме түсетін күндері де бүкіл қажеттілікті жабатынын көрсетті», — деп атап өтті «Астана LRT» өкілдері.