17.05.2017 в 14:49

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыр елінде арнайы операция жүргізіп жатыр

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қызылорда облысында "мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз иелену, тасымалдау, сақтау және сатуға қатысы бар" бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесуге қатысты арнайы операция жүргізіп жатыр. ҰҚК-нің бүгін таратқан ақпаратына қарағанда, операция 16 мамырда басталған. Ішкі істер министрлігімен бірлесе жүргізіліп жатқан операция барысында Қызылорданың көліктегі прокуроры Н.Серікбаев "қылмыстық мұнай бизнесіне қамқорлық танытты" деп ұсталған.

ҰҚК операция аясында сонымен қатар Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларында ведомствоаралық жедел тергеу тобының өкілдері 8 адамды ұстағанын айтады. Олардың тұрғылықты жерлерінде және олармен байланысты Қызылорда қаласындағы "КАИС-сервис" кәсіпорны мен Тараздағы "Қарамай Ойл" кәсіпорнында тінту жүргізілген.

"Сайгез-ақпарат"