Жинақтар «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жарық көріп отыр. Іс шараға қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Олардың арасында тарих ғылымдарының докторы, Стамбул қаласындағы Мимар Синан көркем университетінің профессоры Абдуахап Қара, журналист, «Алашорда» фотоальбомын құрастырушы Болат Мүрсәлім, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі Лима Диас бар.
Кездесудің модераторы «Алашорда» үштомдық жинағының авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Жұртбай да болды. «Алаш» идеясы – мен үшін мәңгілік идея болып саналады. Ол қазақ халқының құндылықтарын өн бойына сақтаған идея болғандықтан, мен соның аясында тәрбиелендім. Біз «Самұрық-Қазына» Қорына және оның басшысы Өмірзақ Шөкеев мырзаға жинақты жарыққа шығаруға қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз», – деді Т.Жұртбай.
Б.Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомына сирек тарихи суреттер жинақталған, Алаш арыстарының өмірі мен қызметі фотодеректер арқылы көрсетілген. «Движение Алаш» жинағы мен «Алашорда» фотоальбомы оқырмандар мен зиялы қауым өкілдері тарапынан үлкен сұранысқа ие болады деп күтілуде.
Кездесудің қатысушылары атап өткендей, «Движение Алаш» кітабы мен «Алашорда» фотоальбомы алдағы уақытта ХХ ғасырдағы қазақ тарихының сенімді дереккөзі ретінде пайдаланылуы мүмкін.