23.09.2014 в 11:44

Жапония Путинді шақырудан бас тартты

Жапон премьер-министрі Синдзо Абэ осы күзде Владимир Путинді еліне шақыру туралы ойынан айнып қалды. Ресей президентінің күншығыс еліне сапары 2015 жылдың көктеміне немесе одан да кейінге шегерілмек.

Жергілікті "Киодо" басылымының мәліметтеріне қарағанда ресми Вашингтон Мәскеумен шиеленіскен қарым-қатынасқа байланысты Жапония үкіметіне Путин сапарын кейінге қалдыруды өтінген. Бірақ Абэ мен Путин АТЭС саммиті аясында қараша айында кездесуі мүмкін. Ал ресми Токио жақын арада Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың ізін ала Ресейге қарсы санкциялар жариялауы мүмкін.