02.06.2017 в 15:28

Қазақстан ЭЫДҰ-тың Халықаралық көлік форумына мүше болып қабылданды

Лейпциг қаласында (Германия) өткен  Көлік министрлерінің 10-шы саммитінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Халықаралық  көлік форумының 57 мүше-мемлекеті Қазақстанның ЭЫДҰ-тың Халықаралық көлік форумына толық құқықты мүшесі болып қосылуын қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Қазақстандық делегацияны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Замир Сағынов бастап барды.

Халықаралық көлік форумының Бас хатшысы Хосе Виегас Замир Сағыновпен кездесуінде «Қазақстанның форумға мүше болуы маңызды оқиға және барлық мүше-мемлекеттердің мүддесі үшін жүзеге асып жатқан жобалар мен біздің тың бастамаларға белсенді атсалысады, деп күтеміз»,-деп атап өтті. Сондай-ақ, Форумның Бас хатшысы Хосе Виегас Қазақстанмен ынтымақтастықтың болашақ форматын талқылау үшін жақын уақытта Қазақстанға келуге ниетті екенін білдірді.

Саммитте талқыланған басты тақырып «Көлік саласындағы басқару»

болды. Сонымен қатар, іс-шара аясында «Көлік инфрақұрылымдағы инвестициялар үшін басқару сапасын ұлғайту» және «Ірі жолаушылар көлік тораптарын басқару» тақырыптарында пленарлық сессиялар өтеді.

ҚР ИДМ Жауапты хатшысы өз сөзінде «Әлемдік қауымдастық сияқты Қазақстан да өзара байланыс пен интеграция негізінде көлік инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын жақсы түсінеді. Сондықтан, көлік саласын дамытуға айтарлықтай инвестиция салып отыр және ол өзінің жемісін беріп те үлгерді. Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтінгінде Қазақстанның «инфрақұрылымның сапасы» 19 тармаққа жақсарып, 63 орынға тұрақтады. Логистиканың тиімділігі рейтингінде Қазақстан 88 орыннан 77 орынға көтеріліп, ТМД-да үздіктердің бірі болды»,-деп атап өтті.

Қазақстанмен қатар Халықаралық көлік форумына Біріккен Араб Әмірліктері де мүше болып қабылданды.

Саммитке мүше-мемлекеттер «Көлік Давосы» деп атайтын форум тек пікір алмасатын тиімді алаң ғана емес, көлік саясатындағы өткір мәселелер бойынша келісілген шешім қабылдаудың маңызды құралы болып табылады.

Қазақстанның аталған Форумның жұмысында қатысуы бүкіл көліктік даму салалары бойынша өзекті зерттеулер жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанның логистикалық және транзиттік әлеуетін нығайту мен дамыту жобаларына қатысуға жол ашады.

Форум құрылғаннан бергі 10 жылда «thinktank» болып өзгеріп, қазіргі уақытта мүше-мемлекеттер көлік саласының маңызды мәселелелрін шешуге бағытталған 15-тен астам ірі жобаларды жүзеге асыруға күш жұмылдыруда.

Форум – құрамында 57 мүше-мемлекет бар халықаралық үкіметаралық ұйымы болып табылады. Форум ЭЫДҰ-ның құрамына кіреді. Сонымен қатар, ЭДЫҰ-ға мүше емес елдерді қамтитын саяси автономды орган. Ұйым көлік саясаты салаларында түрлі ұсыныстар әзірлейді және әлемдік деңгейде көлікті дамыту мәселелерін талқылау мақсатында жыл сайын көлік министрлерінің қатысуымен Саммит ұйымдастырады.