Министрдің айтуынша, талдау барысында индустриялық аймақтың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған бірқатар проблемалар анықталған.
«Бұл – индустриялды аймақ қызметінің заңмен реттелмегені. ИА қызметі Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген, онда да тек түсінік қана берілген. Сондай-ақ, «БЖК-2020» бағдарламасында ИА қаржыландыру тетігі анықталған, ол 2020 жылы күшін жояды. Сондықтан, индустриялық аймақтарды дамыту және құру бойынша жүйелі мәселелерді шешу үшін, заңнамалық деңгейде бекіту қажет»,-деп атап өтті министр.
Бұдан бөлек, саясатқа, сондай-ақ инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға жауапты біріңғай мемлекеттік органның жоқтығы. Сондықтан, жерді рәсімдеудің тәртібін реттеу, Жеке индустриялық аймақтар қызметін заңнамалық деңгейде регламенттеу, ИА басқаруға, жер учаскелерін таңдауға және үйлестіруге, құжаттарды рәсімдеуге және беруге, инфрақұрылымдар мен жүйелерді басқаруға басқарушы компанияның өкілеттілігін анықтау қажет.
Министр Жеңіс Қасымбектің сөзінше, ҚР ИДМ ИА дамыту үшін дайын инфрақұрылымы бар тоқтап тұрған өндірістік базаларды (бұрынғы үлкен зауыттар) сатып алу механизмін қарауды ұсынады. Бұл мемлекетке жаңа ИА құрғанша, едәуір арзанға түсуі мүмкін.
Қазір министрлік KPI анықтау үшін индустриялық аймақтарға толық аудит жүргізіп жатыр. Сондықтан, осы айдың соңында инвестицияның, өндіріс көлемінің және жұмыс орындарының нақты KPI анықталады.