Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 7606 адам. Оның ішінде 4108-і жергілікті атқарушы органдар, 3498-і орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде. Аттестаттаудан өтуге тиіс мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны – 5541-ді құрады (73%). Елбасы тарапынан аттестаттауға жатпайтын тұлғаларға қатысты талаптар бекітілді. Олардың жалпы саны - 27% құрап отыр. Биылғы аттестаттау бұрынғысына қарағанда ерекшелігі - заңнаманы білуге қатысты тестілеудің жоқтығы.
«Алматы облысының «Б» корпусы бойынша барлық мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестаттаудан өтіп, облыс қызметкерлері жалпы жақсы көрсеткіш көрсетті» - деді өз сөзінде Ляззат Бейсекулова.
Егер де мемлекеттік қызметші кешенді аттестаттаудан өтпей қалатын болса, ол өз лауазымынан төмен орынға иеленеді.