«Халықаралық деңгейде өтетін жастар жиынына Алматы облысының ең үздік жігіттері таңдалынып алынды. Осы уақыт ішінде, қатысушылар күнделікті дайындықтың арқасында өз шеберліктерін машықтай түсті. Біздің командада физикалық күшті , рухы биік, білікті жастардан құралған. Біз жеңіске абыроймен жетеміз деген сенімдемін!», - деді «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Жаналиев Жандос Жұманұлы.
«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында «Эрудит» зияткерлік сайысы бар. Бұл сайыс облысымыздың спорт және білім саласында жеткен жетістіктерін таныстырады.
Баспасөз мәслихатына қатысқан БАҚ өкілдері «Жетісу тарландарына» сайыстан жүлделі оралсын деп тілектестіктерін білдірді.