24.09.2014 в 12:08

Түркі Академиясында халықаралық форум

  Халықаралық Түркі Академиясының ұйымдастыруымен ертең «Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» атты халықаралық форум басталады. Мажарстандық түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері Мандоки Қоңыр Иштванның туғанына 70 жыл толуына арналған жиынға 8 елдің белгілі ғалымдары, халықаралық ұйым өкілдері және марқұмның жары Оңайша Мақсұмқызы мен ұлы Атлан қатысады.

Шара барысында көрнекті ғалымның 16 мыңнан астам жеке кітап мұрасын академияның кітапханасына тапсыру рәсімі болады.