Жылжымайтын мүлік сатушылары үй бағасын төмендетіп, қазақстандықтарды белсенді саудаға тартып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда баспана бағасы төмендеп келеді. Ең жоғары баға түсімі жаңа үйлерде болған.
2017 жылдың қаңтар-мамырында жаңа үй бағалары өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,2 пайызға төмендеген. Абаттандырылған тұрғын үйдің бағасы бір жылда 3,1 пайызға , ал элиталы үйлер 2,9 пайызға түсті.
2017 жылдың қаңтар-мамырында үй сатып алу үшін 63 мың келісім жасалған. Осыдан бағаның төмендеуі тұрғындарды қызықтырғанын байқауға болады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй сатылымы 57 пайызға дейін артты. Маңғыстау облысында — 53 пайызға, ал Шығыс Қазақстан облысында — 44 пайызға көтерілген.