«Аталмыш байқау ауыл тұрғындарының жалпы мәдени деңгейін анықтауға, олардың эстетикалық тәрбиесін бағалауға, мәдени аумақтағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған. Жалпы жарысқа әр ауданнан 2-3 мәдениет үйі қатысады. Ең үздік жеңімпазға автокөлік, екінші, үшінші орындарға музыкалық аппаратура сыйға беріледі. Бұл дегеніміз ауылдық мәдениет клубтарының өсіп өркендеуіне көмекші береді деген ойдамыз », - деді Алматы облысының халық шығармашылығы орталығының директоры Ермек Әбілқасымұлы.
Байқауға қатысты бірнеше номинациялардың бары айтылды. Ол шалғай жатқан ауылдар мен елді-мекедерден жаңа дарынды таланттарды іздеп тауып, үлкен сахнаға алып шығуға бағытталған. Олар: «Үздік ауылдық өнер ұжымы», «Үздік үйірме жетекшісі», «Үздік ауылдық мәдениет үйінің әдіскері» және тағы басқа.
Байқау ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап 19 шілдеге дейін өткізіледі.