21.06.2017 в 01:41

Нұрсұлтан Назарбаев ЕХРО-дағы Финляндия павильонында болды

Елбасы Финляндия Президентімен бірге «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы Финляндия павильонын тамашалап қайтты. Мемлекет басшылары сондай-ақ Қазақстанның экспозициялары қойылған «Нұр Əлем» кешенін де аралап шықты.

Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Саули Ниинистё Конгресс-орталықта екіжақты келіссөздер жүргізді. Елбасы Финляндия президентін павильонның ашылуына арнайы келгені үшін алғысын білдіріп, екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін айтты.

«Финляндия ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге үміткерлердің ішінен Қазақстанды таңдап дауыс берді, сондай-ақ біздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі мәртебесін алуымызды қолдаған мемлекет. Қазақстан да халықаралық аренада Финляндияға үнемі қолдау көрсетеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Екіжақты байланысты дамытудың маңыздылығын айта келе, Елбасы өнеркәсіп, фармацевтика, ақпараттық технология, білім беру мен медицина салаларындағы қарым-қатынасты одан әрі бекіте түсуіне мүдделі екенін жеткізді.

Ал Финляндия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты кездесуі үшін алғысын айтып, Қазақстанның жаһандық және аймақтық өзекті мәселелерді шешудегі ролін атап өтті. «Бүгінде бүкіл әлем Қазақстанда болатын келіссөздер үдерісін жіті бақылап отыр. Әсіресе бұл Астанада өткен Сирия келіссөздеріне қатысты», – деді Саули Ниинистё. Сөз соңында мейман Нұрсұлтан Назарбаевты Финляндияға сапармен баруға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  -Я благодарен, что вы лично приехали открыть ваш павильон. Наши отношения можно сказать образцовые в политическом плане. Мы с Вами встречаемся на различных мировых площадках. Я уважаю вашу деятельность. Финляндия поддержала нас в выборе места проведения «ЭКСПО-2017», а также при получении статуса непостоянного члена Совета Безопасности ООН. Мы соответственно также всегда оказывает поддержу Финляндии на международной арене.

Саули Ниинистё, Финляндия Республикасының Президенті:  -Сіздің екіжақты қарым-қатынас мәселелеріне ғана емес, сонымен бірге жаһандық проблемаларға қатысты пікіріңіз де мен үшін әрдайым маңызды. Қазір бүкіл әлем Астанада өтетін Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге көз тігіп отыр. Әрине, бізге Сіздің  басқа да халықаралық мәселелер бойынша пікіріңіз өте маңызды. Ал бүгін Финляндияның ұлттық павильонын аралап көргеніңіз біз үшін үлкен мәртебе.

Ақпарат көзі: khabar.kz