Жарыс 2017 жылдың 10-18 маусым аралығында, Шымкент қаласында өтті. Оған Алматы облысының атынан Текелі қаласының №8 орта мектебінің 2004-2005 жылғы жас жеткіншектері қатысты. Жалпы биылғы «Coca-Cola Былғары доп» жарысы 2002-2003 және 2006-2007 жылы туған оқушылар арасында болатыны айтылды.
«Біз бұл жарысқа үлкен дайындықпен бардық. Күнде стадионға барып, балалармен жаттығатынбыз. Осы үшін үлкен тер төгіп, еңбегіміз толықтай ақталды. Басқа қалаға бара жатқандықтан көп қобалжулар болды, бірақ бізді Шымкент қаласы өте жақсы қарсы алды. Сондықтан барлығына алғысым шексіз», - деді «Сұңқар» командасының капитаны Құрмантай Арсен.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.