21.06.2017 в 00:59

Жамбылдық керуен ЭКСПО-2017 көрмесіне келе жатыр

«Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» этномәдени керуені "Тараз - Астана" бағдары бойынша жолдың жартысынан астамын жүріп өтті.

Елордаға келе жатқан мәдени керуеннің келесі аялдамасы Мойынқұм ауданы. Ұлттық киім киген адамдар, салт аттылар керуенді этноауылда қарсы алды. Киіз үй қалашығында тұрғындар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен таныстырылды. Этноқалашық аумағында театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорт түрлері және мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жамбыл облысының Мәдениет күндерін өткізу кезеңінде елорданың Көрме кешені аумағында өңірдің бірқатар іс-шаралары өткізіледі. Көрмелер, театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.


Дерек көз: strategy2050.kz